Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № С-30/2 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7033 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 30 144 876,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 21 940 282,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 125 860,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 623 979,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 7 454 755,0 мың теңге;
2) шығындар - 31 086 633,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -137 423,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 023,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 293 060,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 097 395,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 097 395,0 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын: