Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығы
(2024.29.10. берілген өзгерістермен)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсіп кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 3 мамырдағы
№ 315 бұйрыққа
қосымша
Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1-тарау. Жалпы ережелер