«Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 21-НҚ бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 109-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Судың бастапқы есебінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды (Excel форматында) тасымалдағыштарда су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияларына ұсынылады.
10. Өлшем құралдары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеріледі.»;
3-қосымша алынып тасталсын;
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: