«Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7С-3-4 шешімі
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-9 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы | Е. Мащинская |
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | М. Балпан |
Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 7С-3-4 шешіміне
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 6С-50-7 шешіміне
1 қосымша
Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша ұсынылатын