Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысының 3-1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімге 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. | Е. Нурбаев Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 104 мен
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 3/30-VIII
бірлескен қаулысы мен шешіміне
1-қосымша