Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығы
(2018.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.29.11. № 833 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.29.11. № 90 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары:
осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаушыларға қатысты;
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық регламентте қолданылатын сәйкестікті растау жөніндегі органдарға, зертханаларға (орталықтарға) және өтініш беруші қатысты;
осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өндірушілер және тауардың шығу тегі туралы сараптама актісіне, тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органға (ұйымға) қатысты;
3) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшасына сәйкес метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары;