2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VI шешімі
(2020.09.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021.09.02. № 3/15-VІI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 76 710 552 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 8 339 227 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 69 558 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 282 600 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 58 019 167 мың теңге;
2) шығындар - 80 460 354 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - -3 749 802 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 749 802 мың теңге:
қарыздар түсімі - 12 048 168 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 000 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 701 634 мың теңге.
2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: