«Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 622 бұйрығы
Құрылымдық және кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.Ә. Байжанов) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (Ж.Ж. Мелдешов) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 622 бұйрығына қосымша
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы
| Асылова Бибігүл Амангелдіқызы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға |
| Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, төраға орынбасары |
| Төребекова Зүлфия Темірханқызы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы, төраға орынбасары |
| Алпысбай Мейіржан Мелікұлы | - | «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті, төраға орынбасары (келісім бойынша) |