«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 558 бұйрығы
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 22 қазандағы Заңына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлім осы бұйрықтың 1-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Ресурстар» деген 6 бөлім осы бұйрықтың 2-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Р. Дәленов 2019 жылғы «___»_________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі ______________ Б. Шолпанқұлов 2019 жылғы«___»___________ |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 558 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1207 бұйрығымен
бекітілген