«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 376 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
4) тармақша алынып тасталсын;
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;