Осы редакция 2026 ж. 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2025.02.06. № 400 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Субсидиялау қағидалары
(2025.19.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидия беру шарттары
2-параграф. Қаржы институтына арналған лимитті айқындау
3-параграф. Субсидиялауды ұсыну тәртібі
4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялау
1-параграф. Субсидия беру шарттары
2-параграф. Субсидия беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы
3-параграф. Кәсіпкердің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі
4-параграф. Субсидия беру тәртібі
4-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
5-тарау. Өтпелі ережелер
Қосымшалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржыландырудың мынадай түрлері үшін субсидиялауды ұсыну тәртібін айқындайды:
1) екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер;
2) лизинг компанияларының лизингтік мәмілелері;
3) ислам банктерінің/ислам лизинг компанияларының кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы және жалдау төлемінің бөліктері;
4) краудфандингтік платформа арқылы берілген қарыздар.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым қаражатын толықтыруға арналған мақсат - кәсіпкердің қаржы құралын пайдалануы, мұндай пайдалану кәсіпкердің операциялық (ағымдағы) қызметін жаңартылатын/жаңартылмайтын негізде қамтамасыз етумен байланысты болады және салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді жоққа шығарады;
2) банк - осы Қағидаларды іске асыру шеңберіндегі қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - ЕДБ);