«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 Қаулысы
(2026.15.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
З.С. Жолдасов
Е.А. Әлімқұлов
Е. Кенжеханұлы
Н.О. Көшеров
Б.Д. Тәжібаев
Қ.Ә. Қайыпбек
К.О. Елибаев
Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 134 қаулысына қосымша
«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер