Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 21/102-VІІ шешiмi
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4519 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат хатшысы | А. Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының
2022 жылғы 18 наурыздағы
№ 21/102-VІІ шешіміне қосымша
Арыс қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 20/152-VІ шешіміне қосымша
Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: