Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешімі
(2025.21.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2023 жылғы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Аманжолов |
Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2025.02.05. № 307 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қарғалы аудандық мәслихаты
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 123 шешіміне 1 қосымша
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер