Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 шешімі
(2025.16.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27759 болып тіркелген);
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 8 қарашадағы № 25/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30518 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.