«Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы №37/446 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 20/238 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4278 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2025 жылғы 11 маусымдағы
№20/238 шешіміне қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2020 жылғы 28 тамыздағы
№37/446 шешіміне 1 қосымша
Маңғыстау облысында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
| № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), мамандандырылған емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар |