Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 48 Қаулысы
(2025.01.06. берілген өзгерістермен)
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2025.15.05. № 126 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2025.15.05. № 126 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Отырар ауданының әкімі | С. Султанханов |
Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2025.15.05. № 126 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Түркістан облысы
Отырар ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 48 қаулысымен бекітілген