Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 152 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 67 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 152 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23657 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі | Р. Смагулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақтан облысы
Шал ақын ауданы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
А. Торсанов
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімдігінің
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 67 қаулыға
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 152 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1 | Афанасьев ауылы | Школьная көшесі, 15, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Афанасьев орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |