Сот шешiмi туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 ж. 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы
(2018.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Сот актілерін шығаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.03. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бірінші сатыдағы сот АПК-нің 21-бабының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.
Заңды күшiне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындалуға тиiс.
Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АПК-нің 223-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.
Шешімнің мазмұны туралы АПК-нің 226-бабының талаптары іс жүргізудің барлық түрлері (оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу) үшін міндетті.
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)