ҚР СТ EN 1271-2023
Ойын аймақтарына арналған жабдық
Волейбол жабдықтары
Функционалдық талаптар, қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері
(EN 1271:2014 Playing Field Equipment - Volleyball Equipment - Functional and Safety
Requirements, Test Methods, IDT)
Осы ұлттық стандарт EN 1271:2014 еуропалық стандарттық бірдей көшірмесі болып
табылады және CEN рұқсатымен қабылданды, мекенжай бойынша:
Марникс даңғ. 17, В-1000 Брюссель
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Талаптар
4. Қауіпсіздік талаптары
5. Сынау әдістері
6. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
7. Таңбалау
А қосымшасы (ақпараттық)
Библиография
ВА қосымшасы (ақпараттық). BA.1-кесте - Стандарттардың, сілтемелік халықаралық, өңірлік стандарттарға, шет мемлекеттердің стандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт волейбол жабдықтары үшін функционалдық талаптар мен қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
Осы стандарт жабық және ашық ауада қолданылатын волейбол жабдықтарының 2 типі мен 5 класына қолданылады.
Осы стандарт жағажай волейболына қолданылмайды.
Осы стандарт төрешілер мұнарасына (бірінші ресми судья үшін) қолданылмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін тек сілтеме құжатының көрсетілген басылымы қолданылады, күні қойылмаған сілтемелер үшін сілтеме құжатының соңғы басылымы (оның барлық өзгерістерін қоса алғанда) қолданылады:
EN 913:1996* Gymnastic equipment - General safety requirements and test methods (Гимнастика снарядтары. Жалпы қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері);
EN 913:2018+А1:2021 Gymnastic equipment - General safety requirements and test methods (Гимнастикалық снарядтар. Жалпы қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері).
EN ISO 1806:2002 Fishing nets - Determination of mesh breaking force of netting (Балық аулайтын аулар. Желілік ұяшықтардың бұзу күшін анықтау);
EN ISO 2307:2019 Fibre ropes - Determination of certain physical and mechanical properties (Талшықтардан жасалған арқандар. Кейбір физикалық және механикалық қасиеттерді анықтау);