Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу және қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 219 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу және қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Ә. Бекбауовқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 219 бұйрығына
қосымша
Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі бойынша ұсыныстарды
әзірлеу және қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамы
| Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Бернат Қанатұлы Алпысбеков | - | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаментінің директоры |
| Әлем Жұмабекұлы Жұмабеков | - | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨҚ-ні цифрландыру департаменті директорының орынбасары |
| Шаймерден Ибраимұлы Ахметов | - | Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары |
| Тұрар Жұмабайұлы Мұхамеджанов | - | Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры |
| Азат Сиражиддинұлы Сұлтанов | - | Егіншілік департаментінің директоры |
| Бағлан Мұхтарулы Аймұрзаев | - | Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары |
| Нияз Жеңісұлы Көшкімбаев | - | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша) |
| Мейрамбек Ержанұлы Исабеков | - | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері (келісу бойынша) |