Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 Қаулысы
(2019.04.10. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 252 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.