Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 252 Қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентімен толықтырылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 162 қаулысымен бекітілді
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
(2019.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мәдениет саласындағы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.