2020-2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 108 748 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 181 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 137 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 104 430 мың теңге;
2) шығындар - 108 748 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0.
2. Қалалық бюджеттен Ақжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2020 жылға - 85 324 мың теңге, 2021 жылға - 86 140 мың теңге, 2022 жылға - 86 831 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2020 жылға арналған Ақжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХХІV сессиясының төрағасы, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | Р. БУХАНОВА |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 285-54/3 шешіміне 1- қосымша