Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi нысанын және оны жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығы
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексi 460-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) жарияланған);
2) «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10224 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;