Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығы
(2024.16.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. | Б. Омарбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 17 шілдедегі
№ 140 бұйрығымен
бекiтiлген
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.29.06. № 54 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: