«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 ақпандағы № 52 бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 24 ақпандағы
№ 52 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамы
Абаев Дәурен Әскербекұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, комиссия төрағасы |
Әжібаев Алан Ғазизұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, комиссия төрағасының орынбасары |