Қазақстан Республикасында киберспортты дамытудың 2025 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 399 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында киберспортты дамытудың 2025 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы ақпарат беріп тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат жіберіп тұрсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 399 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында киберспортты дамытудың 2025 - 2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасы
Мазмұны
1-бөлім. Паспорт
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Киберспортты дамыту пайымы
5-бөлім. Киберспортты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
1-бағыт. Білім берудегі киберспортты дамыту
2-бағыт. Киберспортты ақпараттық қолдау
3-бағыт. Киберспортты танымал ету
4-бағыт. Киберспорт жоғары жетістіктер спорты ретінде