Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы есеп» нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 285 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы есеп» нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 1 тамыздағы
№ 285 бұйрығымен
Бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры туралы
есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-СЖМК
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау бойынша функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекемелер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, күнтізбелік жылдың 31 қаңтарына дейін.
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын аумақты көрсетіңіз | |
| Облыс_________________________________________ | |