«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2026 жылғы 12 ақпандағы № 8C-29/3 шешімі
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8775-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Степногорск қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы | О. Джагпаров |
Степногорск қалалық мәслихатының
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 8C-29/3 шешіміне қосымша
Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер