«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 5/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 125/НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына, «Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 110-2159 қаулысына және Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 66/11-VI шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 5/НҚ бұйрығына (2016 жылғы 25 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;