Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 «Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 28/163 шешімі
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының «Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жезқазған қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек - Жезқазған қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;