Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 шешімі
(2025.04.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жән өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |
Жезқазған қалалық мәслихатының
2024 жылғы 13 ақпандағы
№ 15/82 шешіміне 1 қосымша
Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер