Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығы
(2015.30.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса тіркелген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына (бұдан әрі - Академия) Оқуға қабылдау ережелері бекітілсін.
2. Академияның ректоры осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 101 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына
Оқуға қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер