Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 508 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1) тармақшада:
кірістер -
«223 174 852,5» сандары «223 536 274,3» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық емес түсімдер -
«3 092 139» сандары «4 092 139» сандарымен ауыстырылсын;
трансфеттер түсімі -
«179 031 758,5» сандары «178 393 180,3» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
шығындар -
«227 687 354,3» сандары «230 052 380,4» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығы (профициті) -
«- 7 220 406,6» сандары «-9 224 010,9» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
«7 220 406,6» сандары «9 224 010,9» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -
«12 501,7» сандары «2 016 106» сандарымен ауыстырылсын;
10-тармақта:
келесі мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«8-1) әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге;».
2. Көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | А. Есеркепов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Калдыгулова |
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2020 жылғы 26 ақпандағы
№ 508 шешіміне қосымша
Ақтөбе облыстық мәслихатының