«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2022 жылғы 21 шілдедегi № 154 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрықтың 4-1-қосымшасына сәйкес «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;