Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/639 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ А-12/639 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ А-2/50 қаулысына
1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
| № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы |
| 1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу |
| 1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 40 438 | 404 380 |
| 1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 19 311 | 289 665 |
| 2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 682 | 68 200 |