Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 11 бұйрығы
(2022.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.30.11. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.24.08. № 15 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.30.11. № 41 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы мен теміржол желісінің пайдалану ұзындығының қашықтығы туралы есеп» (индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы мен теміржол желісінің пайдалану ұзындығының қашықтығы туралы есеп» (индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Автомобиль және қалалық электр көлігі жұмысы туралы есеп» (индексі 1-ТР (авто, электр), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;