Денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы
(2023.21.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.12.12. № 171 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 21 желтоқсанға бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 91) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат және интернатурада бір білім алушының оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бір резидент дәрігердің, магистратурада, докторантурада оқитын оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі