Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кіріс органдарына қорытынды беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 381 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындының нысаны.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 381 бұйрығына
1-қосымша
Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау
туралы мемлекеттік кірістер органдарына қорытындыны ұсыну
қағидалары