2016 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 327 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №3-2-10/432 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ, субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 ақпандағы
№ 327 қаулысына 1-қосымша
Субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
| № | Субсидиялау бағыты | Өлшемдер мен талаптар |
| 1 | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналығын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе материалдық-техникалық базаға лизинг құқығында иелік етуі |
| штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті |
| 2 | Ірі, шырынды, құрама жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату |