2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешімі
(2023.18.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023.18.01. № С-27/2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 47 614 872,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 784 371,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 214 826,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 753 257,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 8 862 418,0 мың теңге;
2) шығындар - 55 386 735,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 105,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 627 208,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 627 208,4 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%;
3) Көкшетау қаласының бюджетіне ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 50 %.
3. Қалалық бюджет шығындарында 28 286 976,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қарастырылғаны ескерілсін.