Абай облыс мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ «Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/114-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облыс мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ «Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 16/114-VIII шешіммен
бекітілді
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 9/67-VIII шешімінің
қосымшасы
Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.