2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VI шешімі
(2021.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігімен ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты XLIX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облыстық мәслихатының 2021.15.03. № 21-VІI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Атырау облыстық мәслихатының 2021.25.06. № 50-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.29.09. № 73-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 469 783 475 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер - 142 220 069 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5 170 521 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 322 379 885 мың теңге;
2) шығындар - 472 917 116 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 10 908 758 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 21 479 763 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 10 571 005 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 427 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 10 573 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -14 052 826 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 052 826 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 142 238 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 11 660 024 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 11 570 612 мың теңге.