Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 Қаулысы
(2022.29.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары.
2. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) тиісті облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың аумағында орналасқан су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларының сақталуын;
2) жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстауды қамтамасыз етсін.