Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 Қаулысы (2019.18.11. берілген өзгерістермен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 15 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 15 июля 2019
Дата последнего измененияпонедельник, 18 ноября 2019

Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 Қаулысы

(2019.18.11. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы:

көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алатын отбасыларға, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жетім балаларға, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу үшін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына ақша қаражатын аударуды;

Қазақстан Республикасы азаматтарының айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша кешірілген берешегінің бір бөлігін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтеуді жүзеге асыратын ұйым болып айқындалсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами