Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерін және олардың орынбасарларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Вице-министр - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 бұйрығы
(2022.12.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 228 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары және олардың орынбасарлары айқындалсын.
2. Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер уақытша болмаған кезеңде әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндеттерін атқару әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің орынбасарларына жүктелсін.
3. Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 және «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.