«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 420 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 211 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 420 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі