Білім беру және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 154 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112124, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112124, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112179, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112179, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 621112206, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;