«2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 Қаулысы
(2025.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2025.07.03. № 131 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2025 - 2027 жылдарға, оның ішінде 2025 жылға арналған республикалық бюджет мынадай:
1) кiрiстер - 21 392 054 673 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 15 193 343 932 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 435 325 855 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 200 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 758 184 886 мың теңге;
2) шығындар - 25 193 777 715 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 510 480 002 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 258 339 021 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 46 891 300 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -4 100 755 323 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -11 000 455 323 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 4 100 755 323 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);